+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.16 EUR 425.95
RUB 6.01 CNY 54.51
Jańalyqtar

Өскемен әкімінің орынбасары қызмет көлігін жеке мақсатқа пайдаланған

2019 жылғы 19 тамыз 15:22
Бөлісіңіз:
Өскемен әкімінің орынбасары қызмет көлігін жеке мақсатқа пайдаланған

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Серік Жеңісов қызметтік көлігін жеке мақсатқа пайдаланған. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Алик Шпекбаев апта сайын жеке қабылдау өткізеді Жемқорлық фактісін хабарлаған тұрғындарға қанша қаржы төленді Еліміздің қай саласында жемқорлық көп

ҚР Мемлекетті қызмет істері агенттігінің облыстық әдеп кеңесінің отырысында Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Серік Жеңісов қызметтік көлігін жеке мақсатқа пайдаланғаны үшін Әдеп кодексінің нормаларын бұзды деп айыпталған.

«Осы теріс қылық жасағаны үшін Әдеп жөніндегі кеңес қала әкіміне ескерту түрінде тәртіптік жаза қолдануды ұсынды. Яғни, ол ескерту алды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Кеңес барысында дәл осындай нормаға қайшы әрекеттер Көкпекті, Глубокое және Зайсан аудандарында да тіркелгені айтылды.

Ал ШҚО полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ернар Бекназаров әкімдік жүргізушілерінің айыппұл төлеуден жиі жалтаратынын айтады.

«Мысалы, Аягөз ауданында әкім аппаратының жүргізушісі Омарғазин өткен жылдан бастап айыппұл төлемеген. Біз Омарғазин мен әкім аппаратына айыппұл туралы жазбаша ескерту жібергенбіз, бірақ әлі төленген жоқ. Ақырында материалды сот орындаушыларға жібердік. Әрбір басшы мұндай фактілер үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс. Мемлекеттік орган жүргізушілері жол ережесін бұзу арқылы бірінші кезекте өз басшыларының абыройына сын келтіреді» - деді Ернар Бекназаров әдеп кеңесінің жиынында.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT