Өскемен әкімдігі қала атауы жазылған тұғырдағы қате жайлы түсінік берді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен әкімдігі қала атауы жазылған тұғырдағы қате жайлы түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы күндері әлеуметтік желі қолданушылары Өскеменге кіреберісте шаһар атауы жазылған тұғырдағы қатені сынға алды. Фотосуреттен көрінетіндей, Өскемен атауынан «s» әрпі түсіп қалып Ókemen (Өкемен) деп жазылып қалған.

Қала әкімінің кеңесшісі Әлібек Тұрсымбетовтың айтуынша, бұл орфографиялық қате емес.

«Аталған тұғырдағы монтаждау жұмыстары толықтай аяқталмаған. Осыған байланысты «с» әрпі түсіп қалыпты. Әр әріп бөлек-бөлек орнатылған болатын. Қазіргі уақытта тұғырдағы жазу түзетілген», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар