Өскелең ұрпақпен діни-ағартушылық жұмыс білімді және келісті қоғам орнатуға ауқымды үлес қосуы мүмкін- Митрополит Мефодий

None
None
АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов / - Қазіргі қиын жағдай барлығымызға тек экономикалық және саяси ғана емес, сонымен қатар  адамгершілік, рухани тұжырымдарды жасауға көмектесуі тиіс.  Бұл туралы бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер  басшыларының ІІІ съезі аясында өткен пленарлық отырыста Астана және Алматы Митрополиті Мефодий мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша,  бүгінде қазіргі заманғы қоғамның алдындағы проблемаларды тек бірлесіп қана шешуге болады. Ол үшін діндер өкілдері арасында ашық әрі әділ диалог қажет. Діндер диалогы бүгінде шекаралардың ашылуымен, халықаралық ынтымақтастық  жігерімен, әлемдік үдерістерде елдер мен халықтардың бірлесіп қатысуымен ынталандырылады.

«Бүгінде дінаралық диалог діни жамағат арасындағы түсінбеушіліктің алдын алу құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар бірлескен бітімгерлік қызмет ету тұрғысында маңызды. Түрлі деңгейдегі дінаралық кездесулер діндарларды бір бірін жақсы түсінуге ықпал етеді. Атап айтқанда, дәстүрлі діндер иеленіп отырған елеулі тәлімгерлік әлеуетті де ұмытпау маңызды саналады. Өскелең ұрпақпен діни-ағартушылық жұмыс білімді және келісті қоғам орнатуға ауқымды үлесін қосуы мүмкін, ұлтаралық қарым-қатынастарда қайшылықтардың алдын алуға әсер етпек», деді Мефодий.

Соңғы жаңалықтар