Өскелең ұрпақ ақмолалық майдангерлердің ерлігі туралы шындықты білуі керек - Н.Нұркенов (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Ұлы Отан соғысына қатысқан ақмолалық майдангерлердің құрметіне басып шығарылған «Ақмола облысының зерде кітабы» атты 10 томдық басылымның тұсаукесері өтті.

Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында өткен салтанатты шараға облыс әкімнің орынбасары Нұрлан Нұркенов пен мемлекеттік органдардың өкілдері, шығармашылық интеллигенция, жоғары оқу орындарының ректорлары мен студенттері, мұражай және кітапхана басшылары қатысты.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған 10 томдық кітап та Ақмола облысының 17 ауданы мен 2 қаласынан майданға аттанған 70 мың жауынгер туралы айтылған. Онда әрбір жауынгердің аты-жөні айқын жазылған. «Жастарды өз тарихын құрметтеуге тәрбиелеу маңызды. Өскелең ұрпақ өздерінің ата-бабалары мен жерлестері жөнінде шындықты, ақиқатты білуі керек», - деді өз сөзінде Н.Нұркенов. Еске сала кетсек, сұрапыл соғыс жылдары қан майданға Ақмола облысынан аттанған жауынгерлердің 34 мыңнан астамы үйіне оралмады. Сол жылдары Ақмола облысы аумағында көптеген әскери құрылымдар құрылды.

Соңғы жаңалықтар