«Оскарға» ұсынылған «Ұлы Дала зары» фильмін қазақстандықтар тегін көре алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарына, ата-бабалар рухына бағыштала түсірілген «Ұлы Дала зары» фильмі көрерменге тегін көрсетілгелі жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фильм бүгін, яғни 15 желтоқсан күні сағат 20.00-ден бастап, 16 желтоқсан түнгі 24.00-ге дейін (1 тәулік бойы) көрсетіледі.

«Фильм www.cinexus.kz интернет-кинотеатрында тегін көрсетіледі. Туындыны телефонның, компьютердің барлық түрінен бүкіл ауыл-аймақтар көре алады. «Ұлы Дала зары» фильмі кино әлемінде ең жоғарғы «Оскар» мен «Алтын Глобус» жүлдесін (2021ж) жеңіп алу үшін жүздеген мемлекетпен Қазақстан атынан сайысқа түседі», - дейді фильмнің продюсері Ернар Мәліков.

Еске сала кетсек бұған дейін аталмыш кинотуынды «Оскар» сыйлығының «Шет тілдегі үздік фильм» номинациясына ұсынылғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар