ОСКАР: «Жасыл кітап» үздік фильм атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лос-Анджелесте өткен «Оскар» сыйлығының марапаттау салтанатында режиссер Питер Фарреллидің «Жасыл кітап» (Green Book) картинасы «Үздік фильм» аталымының жеңімпазы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат АВС телеарнасына сілтеме жасап.

Фильмнің сюжетіне джаз пианисі Дон Ширли мен оның жүргізушісі әрі күзетшісі Тони Липтің 1962 жылы АҚШ-ты түгел кезіп шыққан саяхаты арқау болған.

«Үздік фильм» аталымына, бұдан бөлек, Йоргос Лантимостың «Фаворит қыз» (The Favourite), Альфонсо Куаронның «Рома» (Roma), Брайан Сингердің «Богемиялық рапсодия» (Bohemian Rhapsody), Брэдли Купердің «Жұлдыздың тууы» (A Star is Born), Спайк Лидің «Қара клан өкілі» (BlacKkKlansman), Адам Маккейдің «Билік» (Vice) және Райан Куглердің «Қара пантера» (Black Panther) фильмдері ұсынылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Үздік актер», «Үздік актриса», «Үздік мультипликациялық фильм», «Шет тіліндегі үздік фильм» аталымдарының жеңімпаздары туралы хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар