«Оскар» сыйлығының биылғы иегерлері белгілі болды
Марапатталғандар:
Үздік анимациялық фильм – «Пиноккио» Гильермо дель Торо.
Үздік қосалқы актер - Ке Хюи Куан («Бәрі бір уақытта және барлық жерде»)
Үздік қосалқы актриса - Джейми ли Кертис («Бәрі бір уақытта және барлық жерде»)
Ең үздік қысқаметражды фильм «Ирландша қоштасу» болды.
Үздік операторлық жұмыс – «Батыс майданда өзгеріс жоқ» фильмі (Джеймс Френд).
Ең үздік грим мен шаш үлгісі – «Кит» фильмі.
Үздік костюмдер – «Қара Пантера: Ваканда мәңгіге» фильмі.
Шет тіліндегі үздік фильм – «Батыс майданда өзгеріс жоқ» (Германия).
Үздік қысқаметражды деректі фильм – «Пілдер сиқыршысы». Бұл ерлі-зайыптылар мен жетім піл арасындағы әсерлі қарым-қатынасқа негізделген үнді-америкалық жоба.
Үздік қысқаметражды анимациялық фильм – «Бала, көртышқан, түлкі және жылқы».
Ең үздік қоюшы-дизайнер жұмысы – «Батыс майданда өзгеріс жоқ».
Үздік саундтрек – «Батыс майданда өзгеріс жоқ».
Үздік қоюшы-суретші жұмысы - «Батыс майданда өзгеріс жоқ».
Үздік визуалды эффектілер – «Аватар: Су жолы»
Үздік түпнұсқа сценарий - «Бәрі бір уақытта және барлық жерде».
Үздік бейімделген сценарий – «Әйелдер сөйлеп тұр».
Үздік дыбыс - «Топ Ган: Мэверик».
Үздік ән - үндістандық RRR фильміндегі «Naatu Naatu» әні.
Үздік монтаж — «Бәрі бір уақытта және барлық жерде».
Үздік режиссер - «Бәрі бір уақытта және барлық жерде»фильмінің режиссерлері Дэниел Кван және Дэниел Шайнерт.
Үздік актер - Брендан Фрейзер («Кит»).
Үздік актриса - Мишель Йео («Бәрі бір уақытта және барлық жерде»).
Үздік фильм - «Бәрі бір уақытта және барлық жерде».