Оскар сыйлығын табыстау кезінде ағаттық жібергендер рәсімге ешқашан қатыстырылмайтын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың киноакадемиясы Оскар сыйлығын табыстау кезінде конверттерді ауыстырып алғандармен енді қайтып жұмыс істемейді. Ұйымның президенті Шерил Бун Айзекс осылай мәлім етті, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Дауыстарды санау және жеңімпаздардың аттары жазылатын конверт әзірлейтін PriceWaterhouseCoopers (PWC)  аудитор компаниясымен де жұмыс жасау тоқтатылады.

Оскар сыйлығын табыстау рәсімі кезінде бұрын-соңды болмаған олқылық орын алды . Үздік фильм аталымы бойынша «Ай сәулесі» туындысының орнына мюзикл «Ла-Ла Ленд» жарияланып кеткен еді.

Кейінірек белгілі болғандай, ағаттықтың орын алуына PWC қызметкерлері Брайан Куллинан мен Марта Руиз себепші болған.

Олардың әрқайсысында жеңімпаздар аты жазылған бірнеше конверт болған. Яғни бір конверт табылмай қалған жағдайда екіншісін пайдалануға тура келеді.

Эмма Стоунға «Үздік актриса» аталымы бойынша Оскар табыс етілген соң қосымша конверт  қателіктен Уоррен Биттиге берілген, ол «Үздік фильм» аталымы бойынша жеңімпазды жариялауы тиіс еді.

«Мен не болғанын айтып берейін. Қағазда «Эмма Стоун. «Ла-Ла Ленд» деп жазылған еді», - деп ақталды актер.

«Ла-Ла Ленд» фильмін түсірушілер көпшілік алдында алғыс айтып болғаннан кейін, PriceWaterhouseCoopers қызметкерлері мен салтанатты рәсімді ұйымдастырушылар сахнаға шығып түсірілім тобы мен актерлерге және әлемге ағаттықтың орын алғанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар