Оскар Де Ла Хойя: «Головкин - супержұлдыз емес, бірақ Альвареспен жекпе-жек өтеді»

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Golden Boy Promotions президенті Оскар Де Ла Хойяның пікірінше, Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жегін ұйымдастыруға бұл екі боксшының танымалдылығындағы айырмашылық кедергі келтіруі ықтимал, деп жазады Sports.kz.

«Сөзіме сеніңіздер, бұл болады. Ерте ме, кеш пе. Оны жасау қиындау болады, дегенмен, мүмкін. Ол (Головкин) - тамаша боксшы, бірақ Канело сияқты супержұлдыз емес. Сізде Альварестей супержұлдыз және Головкиндей боксшы болғанда, келіссөз оңайға соқпайды әрі күрделі болуы мүмкін, бірақ мүмкін емес ештеңе жоқ», - деді Де Ла Хойя Fighthype.com-ға берген сұхбатында.

Соңғы жаңалықтар