Оскар Де Ла Хойя: Головкин-Альварес жекпе-жегі Пакьяо-Мейвезер айқасынан асып түседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Golden Boy Promotions президенті Оскар Де Ла Хойя Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегі бокстағы келесі супер айқасқа айналатынына сенімді, деп жазады Sports.kz.

«Бұл айқас Мэнни Пакьяоның Флойд Мейвезерге қарсы жекпе-жегінен асып түседі. Биылғы жылы экшн мен нокаут болады. Оның өтуі уақыттың еншісінде болып отыр», - деді Де Ла Хойя Boxingscene.com-ға берген сұхбатында.

Промоутерінің сөздерімен Альварестің өзі де келіседі.

«Жекпе-жек өтеді, бірақ осындай жұдырықтасулар келіссөздер өткізу үшін қашанда уақытты талап етеді. Бірақ егер солай болса, бұл менің адамдарға сыйлағым келетін жекпе-жектерімнің бірі», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар