Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.82 EUR 428.67
RUB 5.86 CNY 54.95
Jańalyqtar

ОСК жаңа тағайындалған сенаторларға куәліктерін тапсырды

2019 жылғы 13 тамыз 19:35 167
Бөлісіңіз:
ОСК жаңа тағайындалған сенаторларға куәліктерін тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 13 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 12 тамыздағы Жарлықтарымен тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу, сондай-ақ олардың кейбіреулерінің өкілеттігін тоқтату жөніндегі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыс барысында Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарымен тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы», «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының кейбір депутаттарының өкілеттігін тоқтату туралы» қаулылар қабылдады.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары негізінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып: Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы, Шәкіров Асқар Оразалыұлы, Кұл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы, Лукин Андрей Иванович, Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы, Сүлеймен Ләззат Жаңылысқызы, Нұржігітова Дана Өмірбайқызы, Сафинов Қанатбек Бейсенбекұлы тіркелген.

Бірінші рет тағайындалған Сенат депутаттарына Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Б. М. Имашев куәліктер мен төсбелгілерін тапсырды.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес тіркелгеннен кейін сайланған депутаттар өз өкілеттіктеріне кіріседі.

Сондай-ақ отырыс барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттігін тоқтату туралы қаулы қабылданды.

Олар: Әйтімова Бырғаным Сарықызы, Бейсенбаев Асқар Асанұлы, Громов Сергей Николаевич, Ким Георгий Владимирович, Куставлетов Дулат Рашитович, Түсіпбеков Рашид Толеутайұлы.

Бұдан басқа, отырыс барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәкен Бақтияр Мәкенұлы өкілеттігінің тоқтатылуына әкеп соғатын негіздің басталуы туралы қаулы және Қостанай облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Антонина Михайловна Маркованы міндеттерінен босату туралы қаулы қабылданды.

Еске сала кетейік, кеше, 12 тамыз күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары – Сергей Громов, Георгий Ким, Дулат Қосдәулетов және Рашид Түсіпбековтердің, сондай-ақ Бірғаным Әйтімова мен Асқар Бейсенбаевтың өкілеттіктері тоқтатылған болатын.

Басқа Жарлықпен Мемлекет басшысы Асқар Бейсенбайұлын Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, ТМД Жарғы органдарының жанындағы тұрақты өкіл етіп тағайындады.

Бұдан бөлек, ҚР Президентінің Жарлықтарымен Нұртөре Жүсіп пен Асқар Шәкіров, сондай-ақ Мұхтар Құл-Мұхаммед, Андрей Лукин, Ләззат Сүлеймен, Дана Нұржігітова, Қанатбек Сафинов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары етіп тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Дариға Назарбаева ҚР Парламенті Сенатының депутаты етіп қайта тағайындалды.

Мемлекет басшысы өкілеттігі тоқтатылған сенаторларға алғыс айтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT