ОСК: Жамбыл Ахметбеков ҚР Президенттігіне кандидат болып тіркелді

None
None
АНА. 26 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанның Коммунистік Халықтық партиясының хатшысы Жамбыл Ахметбековты ҚР Президенттігіне кандидат етіп тіркеді.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңының 56 -бабының 2-тармағына сәйкес, Президенттікке кандидатты облыстар мен Алматы және Астана қалаларының кем дегенде үштен екісінің атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылардың жалпы санының кем дегенде 1 пайызы қолдауы тиіс. Ал Ж.Ахметбековтың кандидатурасын қолдап, еліміздің 15 өңірінен теңдей өкілдік ететін 96 мың 557 сайлаушының қолы жиналған. Бұл белсенді сайлау құқығына ие сайлаушылардың 1 пайызынан астамы. Осыған қарай ОСК ұсынылған құжаттарды қарай келе, олар Конституция мен «ҚР Сайлау туралы» конституциялқ заңыының талаптарына сәйкес деп танылып Жамбыл Аужанұлы Ахметбековты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы қабылданды.

Соңғы жаңалықтар