ОСК Төлеутай Раxымбековті сайлау талаптарына сай деп таныды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясы «Ауыл» партиясының атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылған Төлеутай Раxымбековті барлық талаптарға сай деп таныды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комиссия мүшесі Ақылбек Ықдановтың айтуынша, ағымдағы жылы 26 сәуірде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңның 54 және 55 баптарына сәйкес, ОСК-ға «Ауыл» xалықтық-демократиялық патриоттық партиясының атынан ұсынылған Төлеутай Сатайұлы Раxымбековтің құжаттары тапсырылған болатын.

«Орталық сайлау комиссиясы кандидаттың тиісті талаптарға сай екенін тексеру мақсатында құзіретті мемлекеттік органдарға сұрау жолдап, қажетті мәліметтерді алдыртты. 27 сәуірде кандидаттың мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтайтын лингвистикалық комиссияның отырысы өтті. Соның қорытындысы бойынша Төлеутай Раxымбековтың мемлекеттік тілді еркін меңгергені расталды», - деді А.Ықданов.

Бұдан бөлек, Орталық сайлау комиссиясы Төлеутай Раxымбековтің Қазақстан Республикасының азаматы екенін және соңғы 15 жыл бойы Қазақстанда тұрғанын анықтады. Жоғары білімі бар. Сотқа тартылған жоқ. Мемлекеттік қызметте 5 жылдық еңбек өтілі бар.

«Орталық сайлау комиссиясы шығарған қаулының бірінші тармағы бойынша Төлеутай Раxымбеков тиісті талаптарға сай деп танылды. Екінші тармаққа сәйкес, облыстық және қалалық сайлау комиссияларына ҚР Президенттігіне кандидатты қолдауға дауыс жинау үшін арнайы парақтар беру тапсырылады», - деп атап көрсетті А.Ықданов.

Соңғы жаңалықтар