ОСК Президент сайлауында дауыс берушілер санының артуын түсіндірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясы 20 қарашада өткен кезектен тыс ҚР Президенті сайлауында дауыс берушілердің көбею себебін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Реферундумға қарағанда Президент сайлауында дауыс берушілердің саны айтарлықтай артты. 720 мыңнан 950 мыңға дейін көбейді. Бұл мәселе халықпен кездесу барысында бірнеше рет қозғалды. Бізде референдум маусымда өтті, ал президент сайлауы қарашада өтті. Бірнеше ай ішінде қалайша 200 мыңға артты деген күмән туды. Бұл біз жүргізген жұмыстың нәтижесі. Атап айтқанда, 54,5 мың дауыс беруші өздері өтініш білдірді. Сол сияқты жатақханада тұрып жатқан 37 мың студент тіркелді. Одан бөлек, 18 мыңға жуық әскери қызметшіні тіркеп, дауыс беру мүмкіндігі ұйымдастырылды», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров елордада өтіп жатқан аумақтық сайлау комиссиясы басшыларына арналған республикалық семинарда.

Бұған дейін Президент сайлауы барысын шет мемлекеттерден 532 байқаушының қадағалағаны айтылды.

Айта кетейік, Астанада Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен аумақтық сайлау комиссиясының басшыларына арналған республикалық семинар өтіп жатыр. Барлық өңірден 300-ге жуық адам қатысып жатқан шара үш күнге созылады.


Соңғы жаңалықтар