+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

ОСК мүшелері коронавирус індетінен қаза тапқандарды еске алды

2020 жылғы 13 шілде 16:25
Бөлісіңіз:
ОСК мүшелері коронавирус індетінен қаза тапқандарды еске алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы коронавирус індетінен қаза тапқандарды бір минут еске алумен басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Асхат Аймағамбетов ұстаздарға жеке-жеке хат жолдады Қазақстанда коронавирус жұқтырған  25 182  адам ем алып жатыр - ҚР ДСМ Әзербайжанның бірқатар қаласында карантин режимі жеңілдетілді

«Бүгін пандемия құрбандары болған отандастарымызды Ұлттық аза тұту күні екендігін атап өткен жөн. Баршаңыз бұл жайында білесіздер. Бізде, сайлау жүйесі қызметкерлерінің арасында да ауыр қаза бар. Алматы облысы Текелі қаласының аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Бәкен Жаманқұлов қайтыс болды. Бәкен Түзелбекұлының туған-туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. Осыған орай бір минут үнсіздікпен барлық қаза болғандарды еске алуды ұсынамын», - деді отырысты ашқан ҚР ОСК төрағасы Берік Имашев.

Қазіргі уақытта ОСК отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар ұсыну кезеңінің қорытындысы қаралып жатыр. Облыстардың, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары төрағаларының кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы ақпараттары тыңдалу үстінде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT