ОСК Мәжіліске ҚХА атынан сайлауға түсетін 9 депутатты тіркеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясының бүгінгі отырысында ҚХА кеңесі ұсынған ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткерлерді тіркеу мәселесі қаралуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімімен Парламент Мәжілісінің депутаттығына 9 кандидат ұсынылды. Олар: Әбдірахманов Сауытбек Әбдірахманұлы, Әмірханян Аветик Рубенович, Буларов Ілияс Юсупович, Деменьтеве Наталья Григоревна, Ли Юрий Виссарионович, Нәбие Вакиль Усейнович, Осин Шамиль Абзалетдинович, Токтасунов Владимир Имтахунович, Хамедов Абульфаз Муслимович. Ер адамдардан 8, әйелдерден 1 үміткер. Барлық 9 үміткердің жоғары білімі бар», - деді ОСК мүшесі Ерлан Дауылбаев.

Отырыста Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан депутаттыққа үміткерлерді тіркеу туралы хаттама бекітілді.


Соңғы жаңалықтар