+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

ОСК хатшысы үміткерлерге БАҚ-қа өз бағдарламаларымен шығу тәртібін түсіндірді

2020 жылғы 25 маусым 16:45
Бөлісіңіз:
ОСК хатшысы үміткерлерге БАҚ-қа өз бағдарламаларымен шығу тәртібін түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина Сенат депутаттығына үміткерлерге БАҚ-қа өз бағдарламаларымен шығу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысы әкімінің орынбасары Сенат депутаты болып сайланды Сенат сайлау: Алматы облысында Сұлтан Дүйсембинов 92 пайыз дауыс жинады Елордада Сенат депутатын сайлау ел заңнамасына сай өтті - халықаралық байқаушы

Отырыста ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарының мөлшерін белгілеу және ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау қорлары туралы мәселе қаралды. Сәбила Мұстафинаның айтуынша, заңға сәйкес мемлекет Сенат депутаттығына сайланатын кандидаттарға өз бағдарламаларымен БАҚ-қа шығу үшін қаражат тең бөлінуіне кепілдік береді.

«БАҚ-қа шығу үшін кандидаттарға қаражат бөлу тәртібі мен көлемін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды. ОСК-ның кандидаттарға БАҚ құралдарына шығу үшін қаражат бөлу қағидалары бойынша тиісті қаулыға сәйкес кандидаттарға өз бағдарламаларымен БАҚ-қа шығу тәртібі мынадай: теледидардан 15 минут, радиодан 10 минут, мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа табақтан артық емес», - деді ол.

Сонымен қатар Сәбила Мұстафина кандидаттар өздерінің сайлау алдындағы бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін мемлекет бөлген қаражат шеңберінде баспа немесе желілік басылымдардағы, теле-радиоарналардағы жарияланымдар көлемін өздері бөлетінін жеткізді.

«Сондай-ақ республикалық бюджет қаражатынан кандидаттардың сайлау алдындағы жариялы іс-шараларын өткізуге, үгіт материалдарын шығаруға арналған шығыстары мен көлік шығыстары Орталық сайлау комиссиясы белгілеген мөлшерде өтеледі», - дейді ОСК хатшысы.

Осылайша жоғарыда баяндалғанның негізінде ОСК өз қаулысымен ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарын 450 000 теңге көлемінде белгіледі:

1) теледидардан, радиодан бағдарламамен сөз сөйлеу және мерзімді баспа басылымдарында 2 мақала жариялау үшін - 300 000 теңге;

2) сайлау алдындағы көпшілік іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару үшін - 70 000 теңге;

3) көлік шығындары үшін - 80 000 теңге.

Айта кетейік, осы жылдың 12 маусымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын 2020 жылғы 12 тамызға тағайындау туралы қаулысы шыққан еді.

Осыған орай ҚР Орталық сайлау комиссиясының онлайн режимде отырысы өтіп, онда сайлауға қатысты күнтізбелік іс-шарлар жоспары бекітілген. 13 маусымнан бастап Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну басталды. Сондай-ақ үміткерлерге қойылатын талаптар жария етілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT