ОСК-ға 5 заңды тұлғадан сауалнама жүргізу туралы хабарлама түскен

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясына 5 заңды тұлғадан қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ОСК сайтына сілтеме жасап.

Орталық сайлау комиссиясына 5 заңды тұлғадан тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса, қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізгені туралы хабарлар келіп түсті:

1. «Қоғамдық пікір» зерттеу институты («Общественное мнение» зерттеу институты) – «face to face» сұхбат сауалнамасы әдісі, телефон сауалнамасы (CATI);

2. «AMANAT» партиясының «Қоғамдық саясат институты» – «face to face» сұхбат сұрау әдісі, дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll);

3. «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» - дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll);

4. «Еуразиялық интеграция институты» - «face to face» сұхбат сұрау әдісі, дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll);

5. «Демократия институты» ғылыми-зерттеу ассоциациясы» – «face to face» сұхбат сұрау әдісі, дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll).


Соңғы жаңалықтар