ОСК Әзербайжандағы сайлауға қатысу үшін Ильхам Алиевтің үміткерлігін бекітті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжан орталық сайлау комиссиясы президенттік сайлауға қатысу үшін «Ени Әзербайжан» партиясынан Ильхам Алиевтің үміткерлігін бекітті, деп жазады Trend.

Сәрсенбі күні ОСК отырысында президент Ильхам Алиевтің үміткерлігін бекітуге барлық негіз бар екендігі аталып өтілді. Кейін бұл мәселе дауыс беруге шығарылып, қабылданған.

Айта кетейік, 8 ақпанда «Ени Әзербайжан» партиясының VI съезі өтті. Съезде 11 сәуірде өтетін президент сайлауында партия төрағасы, Әзербайжан президенті Ильхам Алиевтің үміткерлігін ұсыну туралы шешім қабылданды. 

Соңғы жаңалықтар