ОСК Әміржан Қосановты президенттікке кандидат ретінде тіркеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясы «Ұлт тағдыры» бірлескен ұлттық-патриоттық қозғалысының мүшесі, журналист Әміржан Қосановтың кандидаттық куәлігін тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Комиссия мүшесі Ақылбек Иқдановтың айтуынша, бұған дейін Ә.Қосанов мемлекеттік тілді еркін меңгергенін растады. Ал Орталық сайлау комиссиясы оны заңның барлық талаптарына сай деп таныды. Кандидат Қосанов қажетті қолдардың санын да жинап шықты. «Хаттамалардың нәтижелеріне сәйкес, Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов Қазақстанның 14 өңірінен оны Президенттікке кандидат ретінде қолдайтын 131 189 азаматтың қолын жинады. Олардың ішінен 129 582 расталды.», - деді А.Ихданов.
Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, Әміржан Қосанов 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына кандидат ретінде тіркелді.
«Оразаның алғашқы күні сайлау комиссиясының бізге куәлік бергенін жақсы ырымға балап отырмын. 7-ші нөмір екен. Мен куәлікті жетінші болып алып отырмын. Оны да жақсылыққа балап отырмын. Жасыратыны жоқ, мені ұсыну және қол жинау кезінде біраз күмән болды. Осы Қосанов сайлауға тіркеле ме, тіркелмей ме деген күмән болды, әртүрлі арандатулар болды. Қасақана жасалған бір ақпараттық шабуылдар да болды. Осы күнге дейін мен және менің әріптестерім тіркеу болмайтын шығар деп ойладық. Бірақ бүгінгі күн Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «әділ сайлау өткізуге кепілдік беремін» деген сөзінің бір нышаны деп білемін, солай қабылдаймын», - дейді Ә.Қосанов.
Айта кетейік, бүгін ОСК тағы екі адамның кандидатурасын рәсімдеген болатын. Олар - «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының мүшесі Төлеутай Рахымбеков және Қазақстанның коммунистік партиясының өкілі Жамбыл Ахметбеков.
- Атырау облыстық мәслихатына жаңа хатшы сайланды
- Қарағанды облыстық мәслихатының құрамы 60 пайыздан астам жаңарды
- БҚО мәслихатына жаңадан хатшы сайланды
- Жамбыл облыстық мәслихатының құрамы 76,7 пайызға жаңарды
-
Мәжіліс комитеттерінің төрағалары сайланды
-
Мәжілістің 2 комитетін парламенттік оппозиция өкілі басқаратын болды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам