Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың жалақысы екі есе артады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың штат санын ұлғайту мәселесі пысықталып жатыр. Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2022 жылдан бастап азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, оның ішінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың жалақысы түзету коэффициентін қолданумен (2022 жылы - 1,23, 2023 жылы - 1,45, 2024 жылы - 1,71, 2025 жылы - 2) көтеріледі. Нәтижесінде 4 жыл ішінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың жалақысы 2 есе артады», - делінген Үкімет басшысының жауабында.

Бұдан басқа, оның дерегінше, іс-сапарға жіберілген инспекторларға аудандық және облыстық аумақтық инспекциялардан іс-сапар қаражаты, түнгі және пәтерлік қосымша ақы төленеді.

«Қазіргі уақытта өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың штат санын ұлғайту мәселесін мүдделі мемлекеттік органдар пысықтап жатыр», - дейді Әлихан Смайылов.


Соңғы жаңалықтар