Өсімдіктер дүниесі туралы заң жобасы әзірленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Министрлік Өсімдіктер дүниесі туралы заң жобасын әзірледі. Оның шеңберінде өсімдіктер дүниесі ресурстарын қорғау, молықтыру және пайдалану жөніндегі барлық мәселелер заңнамалық тұрғыда ретке келтіру, оған жауапты мемлекеттік органдарды айқындау көзделуде. Бұл туралы Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өсімдіктер дүниесін сақтау мәселелері Орман кодексімен ғана және тек мемлекеттік орман қоры аумағында немесе жалпы көлемі 2,5 млн гектар болатын ел аумағының небары 11%-ы реттеледі. Ал ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер босалқы жерлер және өнеркәсіп жерлері сияқты басқа санаттардағы жерлер бойынша бұл мәселелер реттелмеген. Осыған байланысты министрлік Өсімдіктер дүниесі туралы заң жобасын әзірледі. Оның шеңберінде өсімдіктер дүниесі ресурстарын қорғау, молықтыру және пайдалану жөніндегі барлық мәселелер заңнамалық тұрғыда ретке келтіру, өсімдіктер дүниесі ресурстарын сақтауға және молықтыруға жауапты мемлекеттік органдарды айқындау көзделуде», - дейді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Оның айтуынша, өсімдіктер дүниесінің есебін мемлекеттік кадастр мен мониторингін жүргізу, сондай-ақ ботаникалық коррекциялар мен өсімдіктердің генетикалық ресурстары коллекцияларын жасау және ұстау тәртібін айқындау көзделуде.

«Бұдай басқа, өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін сақтау мәселелері реттелетін болады. Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы әрі уақытында орындау мақсатында облыс әкімдіктеріне келесідей тапсырма беруді сұраймын: рмандарды молықтыру мен орман өсіру көлемін ұлғайту бойынша жүктелген жоспарлы көрсеткіштерді орындау, құрылған орман екпелерінің уақытылы ұсталуын қамтамасыз ету, қалалар мен басқа елді мекендердегі жасыл желектер бойынша паспорттандыру бойынша жұмыс жүргізу. Сонымен қоса, Қаржы министрлігі респбликалық бюджет шеңберінде өңірлер мен басқа да мемлекеттік органдардың ормандарды молықтыру мен орманның өсу көлемін ұлғайтуды қамтамасыз ету үшін қаржыландыру мәселелерін пысықтау қажет», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар