Өсімдік тұқымы айналымын бақылайтын ақпарат жүйесі енгізіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде өсімдік тұқымы айналымын бақылайтын ақпарат жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенат депутаттарының сауалына жолдаған жауабында Премьер-Министр Әлихан Смайылов осындай мәлімет келтіреді.

«Агроөнеркәсіпті дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұржырымдамасын іске асырудың жоспары аясында Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізуді ұсыну форматынан рұқсат беру (шектеу) сипатына регламенттеу мәселесі пысықталып жатыр», - деп жазады Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, ел аумағына кіріп-шығатын тұқым материалының айналымын бақылау күшейтілмек. Ол үшін арнайы ақпарат жүйесі құрылады.

«Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігі тұқым айналымын бақылайтын ақпарат жүйесін құрып, енгізуді көздеп отыр. Бұл тұқым айналымын бақылаудың тиімді құралдарының бірі болмақ», - делінген Премьер-Министр жауабында.


Соңғы жаңалықтар