Ошта егіз студенттер фестивалі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 қарашада Ош қаласында егіздер фестивалі өтеді. Бұл туралы сәрсенбі күні КирТАГ агенттігіне Ош мемлекеттік университетіндегі тәрбие беру департаментінің директоры Замир Божонов хабарлады.

«Жыл сайын Студенттер күні қарсаңында түрлі шаралар ұйымдастырамыз. Биыл егіздер фестивалін өткізуді шештік. Олар өз өнерлерін көрсетеді. Музыкалық байқаулар және білім сайыстары ұйымдастырылады», - деп хабарлады Божонов.

Ол осындай шаралар университеттегі достық жағдайдың қалыптасуына септігін тигізіп, студенттерге бір-бірін тануға, достасуға көмектеседі.

Қазіргі кезде Ош МУ-де 20-дан астам жұп егіздер білім алып жатыр.

Соңғы жаңалықтар