Ош облысында жүк көлігін көтере алмаған көпір опырыла құлады

None
None
БІШКЕК.Кабар-ҚазАқпарат - Ош облысында Қара-Суу ауданының Ош-Папан-Кожокелен тас жолының 24-ші шақырымында, 11 қазанда, сағат 15:20 шамасында көмір тиелген жүк көлігін көтере алмаған көпір опырыла құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жүк көлігіндегі екі адам көліктен секіріп үлгерген.

Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қара-Суу аудандық ТЖ бөлімінің бастығы мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына барды.


Соңғы жаңалықтар