Ош облысында мешіт өртеніп, екі адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстандағы Ош облысының Гулбар ауылында мешіт өртеніп, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Кабар агенттігі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәлімдеуінше, келеңсіз жағдай 23 тамыз күні таңғы сағат 7-лер шамасында болған.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер сағат 7:50-де тілсіз жаудың бетін қайтарды. Өрт салдарынан екі ер адам қаза тапқан. Олардың аты-жөні әзірге белгісіз.

Қазіргі уақытта өртті сөндіру  жұмыстары жалғасып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар