Ош облысы прокурорының орынбасары асылып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанда Ош облысы прокурорының орынбасары, 1 сыныптағы әділет кеңесшісі Торо Кожошов асылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап. 

Бұл келеңсіз жағдайды Қырғызстан Республикасы Бар прокурорының баспасөз қызметі растады.

Оқиға бүгін таңертең болған. Торо Кожошовтың үйінде асылып қалғаны нақтыланды.

Қазіргі таңда тексеру жүріп жатыр. 


Фото: kabar.kg

Соңғы жаңалықтар