Орыс жазушысы В.Правдухин оқыған ғимаратта ескерткіш тақта орнатылды

None
None
ОРАЛ. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Көрнекті орыс жазушысы Валериан Правдухин (1892-1938) Орал қаласында ХХ ғасыр басында оқыған ғимаратта ескерткіш тақта орнатылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кезінде діни семинария болған аталмыш ғимаратта қазір «Пушкин» қонақүйі орналасқан.

Жайық бойында туып-өскен В.Правдухин көптеген шығармалар жазған. Соның ішінде «Жайық мұхитқа құяды» атты белгілі романы бар. Бұдан 80 жыл бұрын, 1929 жылы жазушы достарымен бірге Жайық өзені бойымен экспедиция ұйымдастырған. Ол сондай-ақ сыншылықпен де айналысты. 1937 жылы жалған арыз бойынша ұсталған жазушы келесі жылы атылып кеткен.

Соңғы жаңалықтар