Орыс баспасөзінің конгресі жаңа трендтер туралы білуге мүмкіндік береді - «ҚазАқпарат» ХАА-нің басшысы

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Мәскеу қаласында өткізілетін орыс баспасөзінің дүниежүзілік конгресі журналистиканың дамуындағы жаңа беталыстар туралы білуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ТАСС агенттігінің тілшісімен болған сұхбат кезінде алдағы форумның қатысушысы, «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігінің бас директоры Дәурен Дияров мәлімдеді.

«Негізінен, конгрестен қарапайым ғана нәрселерді күтеміз. Бұл әріптестеріміз және достарымызбен әңгімелесіп, журналистикадағы жаңа трендтерді білу», - деп атап өтті ол.

Республиканың жетекші мемлекеттік ақпараттық агенттігі басшысының айтуынша, форумға дәстүрлі түрде көптеген елдердің тілшілері қатысуда, және «барлығының бір оқиғаны жариялау әдістері түрлі бола алады». «Олардың көзқарасын білу қызық болып отыр», - деді әңгімелесуші.

«Біз Жеңістің 70 жылдығын мерекелеп отырмыз, бұл - барлығымызды рухани біріктіретін ортақ мейрам. Сонымен бірге, бүкіл әлемде орын алып жатқан күрделі жағдай, экономикалық дағдарыс, санкциялық саясат та Қазақстанға да кері әсерін тигізіп жатыр», - деді агенттіктің басшысы.

«Осы арада, орыс баспасөзінің Дүниежүзілік конгресі - жыл сайын орыс тілінде жазатын барлық БАҚ басшылары, тілшілерге бірге жиналып, пікірталас жүргізуге мүмкіндік беретін аздаған алаңдардың бірі болып табылады», - деп атап өтті ол.

Дияров орыстілді БАҚ-тың дамуының болашағы зор деп есептейді. «Орыс тілін интеграция тілі деп қарастырамыз. Еуразия экономикалық одағының негізін қалаушылар - Ресей, Беларусь, Қазақстан. Қазір Қырғызстан мен Армения елдері қосылды, қайда кездессек те негізінен орыс тілінде сөйлесеміз. Сондықтан, болашағымыз өте үлкен», - деп түйінде сөзін Дияров.

Орыс баспасөзінің XVII Дүниежүзілік конгресі Мәскеуде 10-12 маусым күндері жұмыс істейді. Оған әлемнің 63 елінен 500-ден астам орыстілді шетелдік БАҚ-тар қатыспақ. Конгресс - орыс баспасөзі Дүниежүзілік қауымдастығының жоғарғы форумы, ол кез келген форматтағы, соның ішінде қауымдастықтың мүшесі болып табылмайтын барлық орыстілді медиа үшін ашық.

Соңғы жаңалықтар