Орынсыз шығын: Аружан Саин 65 млн теңгеге конференция өткізуден бас тартты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин 2019 жылдың 10-11 қазанында ұйымдастырылуы тиіс болған «Азия балаларға қамқор» конференциясының өтпейтінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бастамамды қолдағаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаевқа және Дархан Кәлетаевқа алғыс айтамын. Конференцияның күн тәртібін, мұндай шаралардың нәтижесін, сонымен бірге мемлекеттік бюджеттен оның өткізілуіне бөлінетін 65 156 000 теңге көлеміндегі қаражатты зерттей отырып, мұндай шараларды өткізу орынсыз деп есептеймін», - деп жазды Аружан Саин Facebook-тегі парақшасында.
Оның түсіндіруінше, біріншіден, аталмыш шараның тек имидждік сипаты болған.
«Ал бізге қазіргі таңда балалардың шынайы проблемаларын шеше алатын нақты практикалық қадамдар керек. Президент Үкімет пен әкімдерге имидждік шараларды бірден қысқарту туралы тапсырма беріп, мемлекеттік шығын тек қарапайым азаматтардың мәселелерін шешуі тиіс екенін ескертті. Екіншіден, шараның бюджетін зерттей отырып (атап айтқанда, аталмыш шараға БҒМ 42 846 500 теңге, Парламент Сенаты 12 810 000 теңге, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі 12 810 000 теңге және халықаралық желі жағынан ЮНИСЕФ-те ақша бөлетін болған) бұл шығынды беймезгіл әрі қажетсіз деп санаймын. Мәселен, бизнес-класспен ұшып келуге, қымбат отельдерде қондыруға, 300 адамға кешкі асқа (әр адамға 25 мың теңгеден), кофе-брейк секілділерге бюджеттен ақша жұмсалмақ болған», - дейді ол.
Аружан Саин мемлекеттік органдардан бұл қаражатты Қазақстандағы балалардың шынайы қажеттілігіне бағыттауды сұрады.
«Ең бастысы, елімізде балалардың құқығы қорғалуы тиіс. Ол үшін нақты қадамдарды жасау керек. Халықаралық бірлестіктермен жұмыс жүргізе отырып, тәжірибені жұмыс режімінде алуға болады. Қаражатты шынайы мәселелерді шеше алатын шараларға жұмсаған абзал», - дейді ол.
- Мемлекеттік қызметшілерге мерекені атап өткенше, мұқтаж отбасыларға көмектесу ұсынылды
- Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қазақстандықтардан 91 өтініш келіп түсті
- СҚО полицейі жолда қалған шетелдіктерді өз үйінде қонақ етті
- Алик Шпекбаев мемлекеттік басқару жүйесінің өзгеруіне не ықпал еткенін айтты
-
Асқар Мамин 2020 жылғы 1 сәуірге дейін деректер базасын өзектендіруді аяқтауды тапсырды
-
Атыраудың Ресеймен шекаралас аумағындағы қамыстың өртенуі расталмады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам