+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Орындықта ұйықтауға мәжбүр: Елорданың балалар ауруханасындағы жағдайға түсінік берілді

2021 жылғы 27 қазан 18:47
Бөлісіңіз:
Орындықта ұйықтауға мәжбүр: Елорданың балалар ауруханасындағы жағдайға түсінік берілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қалалық балалар ауруханасында төсек-орынның жетіспеуіне қатысты шағымға түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда полиция қызметкері полиция ғимаратында атылып өлді Өскеменде көшеде ер адамды бірнеше жерден пышақтап кеткен Ақтөбеде жүргізуші әйел аялдаманы қиратып кетті

Елорда тұрғыны балалар аурухасындағы жағдай туралы әлеуметтік желіде жазды.

«Таңғалысымда шек жоқ, елорда ауруханасында балалардың қалай ем алып жатқанын көрсеткім келеді. Ешқандай жағдай жоқ, адамдар орындықта ұйықтауға мәжбүр. Науқас балалар мен олардың ата-аналарын жайғастыратын жеткілікті кереуеттің болмағаны ма?», - деп елорда тұрғыны шағымын білдірді.

Өз кезегінде қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұл мәселеге қатысты түсініктеме берді.

«Қазіргі уақытта 0 мен 2 жасар балалар арасында ЖРВИ (жедел респираторлы вирусты инфекциялар), тұмау және пневмонияның таралуы өршіп тұр. Видеода №1 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының педиатрия бөлімшесіндегі жағдай көрсетілген. Педиатрия бөлімшесіндегі палаталар науқас балаларға толып қалды. Аталған мәселені шешу үшін қосымша төсек-жаймен қамту шарасы қаралып жатыр», - делінген басқарма жауабында.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT