Орындалған міндеттер ауқымы бойынша Қазақстан Ата заңын әлемнің ең жасы үлкен Конституцияларымен салыстыруға болады - Н. Назарбаев

None
None
А. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Орындалған міндеттер ауқымында Қазақстан Конституциясын әлемнің ең жасы үлкен Конституцияларымен салыстыруға болады. Бүгін Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында «Конституция - мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми‑тәжірибелік конференцияның бірінші күнінде сөз сөйлеген Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

«Қазақстан Конституциясы күні - біздің халқымыз үшін үлкен мәнге ие. Негізгі заңды қабылдау бойынша жүргізілген бүкілхалықтық реформа Қазақстан халқының бірлігін көрсететін, жаңа тәуелсіз мемлекеттің құндылықтарын айқындаған бірегей тарихи қадам болды. Әрине, біздің Ата заңымыз үшін, әлемнің көне Конституциялары секілді ғасырлық мерейтойларға әлі ертерек. Алайда, орындалған міндеттер ауқымы бойынша біздің Негізгі заңымызды олармен тең қарастыруға болады. Қысқа ғана он бес жыл ішінде біздің еліміз қол жеткізген жетістіктердің барлығы бұл - Конституцияның заңнамалық базасында қабылданған нақты әрекетінің жемісі», деді Н. Назарбаев.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Ата заңды нақты заң тілінде барлық қазақстандықтарға түсінікті жалпыға ортақ құндылықтар қамтылғанын атап өтті. «Бұл - достық пен келісімде жүз қырық этнос, қырық алты діни бірлестік өмір сүріп жатқан қасиетті Қазақстан жерінің біртұтастығы, бұл - жынысына, нәсіліне, ұлтына, дініне, тіліне қатысты және басқа да ерекшеліктерніне орай кемсітушілікке тиым салынғандық. Осы негізде басты Конституциялық қағидаттар - бейбітшілік, тұрақтылық, бүкіл халық үшін экономикалық даму қамтамасыз етіледі», деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар