Орындалған құжаттар саны 45 пайызға артты – Әділет министрлігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атқарушылық іс жүргізу туралы заңға түзетулер енгізілгеннен бастап, орындалған құжаттар саны 45 пайызға артты. Бұл туралы халыққа онлайн режимде есеп беру кездесуінде Әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сот актілерін орындауға тоқталсақ, бұл бағыт әділет органдары қызметінің маңызды салаларының бірі болып қала береді. Сот актілерін орындаудың тиімділігін арттыруға бағытталған атқарушылық іс жүргізу туралы заңға түзетулер қабылданды. Қолданыстағы заңнаманы бұзғаны үшін жеке сот орындаушыларының жауапкершілігі қатаңдатылды, сонымен бірге жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасының өкілеттіктері күшейтіліп, кеңейтілді. Қабылданған заңнамалық шаралар нақты орындалған құжаттар санының 45 пайызға артуына ықпал етті», - деді М. Бекетаев.

Сот актісін орындауға нақты мүмкіндігі болмай отырған мән-жайлардың толық тізбесін айқындайтын өзгерістер енгізілді.

«Бірнеше жыл бойы жүргізіліп жатқан дәйекті реформа және атқарушылық іс жүргізудің электрондық форматқа көшуі өзінің қабілеттілігін көрсетті. Төтенше жағдай кезеңінде атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі мәжбүрлеп орындау шараларын үздіксіз қабылдауға жағдай жасады. Халыққа атқарушылық іс жүргізу тараптарының кабинеті арқылы атқарушылық құжаттарды онлайн режимде беру мүмкіндігі берілді», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар