Орынбордағы жол апатында қаза тапқан адамдардың аты-жөні белгілі болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Орынбор - Соль-Илецк» тасжолында жол апаты болып, 5 адам қаза тапты. Ақтөбе облыстық ТЖД-і қаза болғандар мен зардап шеккендердің тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол апаты кезінде 1950 жылы туған Минур Давлетшина мен 1996 жылғы Константин Мотненко жарақат алып, Соль-Илецк қалалық ауруханасына түсті. Жағдайлары ауыр, жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Сонымен қатар, жол апаты кезінде 1984 жылғы Халаби Маханов, 1987 жылғы Серік Қуанов, 1963 жылғы Оразгүл Тәжімұрат, 1977 жылғы Бағдагүл Елубаева, 1987 жылы туған Манас Аралханов көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза болғандардың бәрі Ақтөбе облысының тумасы. Қазір Ресей төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесе жұмыс атқарылып жатыр. Тума-туыстары Ақтөбедегі ТЖД хабарласуы керек», - депмәлім етті облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бүгін Орынбордың Елшанка ауылы маңында ірі жол апаты болды.  Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел штаб құрып, қаза болғандар мен зардап шеккен адамдардың туған-туыстарын анықтады. Қазіргі кезде қаза болған адамдардың мәйіттерін Ақтөбеге жеткізу жұмысы жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар