+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Орынборда Egemen Qazaqstan газетінің 100 жылдығы тойланды

2019 жылғы 28 қараша 16:12
Бөлісіңіз:
Орынборда Egemen Qazaqstan газетінің 100 жылдығы тойланды

ОРЫНБОР. ҚазАқпарат - Ресейдің Орынбор қаласында «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығына арналған шаралар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Egemen Qazaqstan» газетінің алғаш 1919 жылы желтоқсанда Орынборда «Ұшқын» деген атпен шыққаны белгілі.

Осыған орай «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі бастаған делегация Қазақстан мен басылым тарихына қатысы бар тарихи орындармен танысты.

Содан кейін Н.Крупская атындағы Орынбор облыстық әмбебап кітапханасында газеттің мерейтойына орай дөңгелек үстел отырысы өтті.

Оны ашқан Орынбор облысы мәдениет және сыртқы байланыстар министрі орынбасарының міндетін атқарушы - халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы Александр Калинин газеттің 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, Орынбордың Қазақстанның көршілес облыстарымен тығыз байланыс орнағанын, оның алдағы уақытта да жалғаса беретіндігін атап өтті.

Қазақстан Республикасының РФ-дағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Жанар Колбачаева сөз алып, Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетовтің құттықтау хатын Дархан Қыдырәліге табыс етті.

Дархан Қуандықұлы «Ұшқыннан» бастау алған «Егеменнің» еларалық газетке айналғанын, басылымның ғасырлық тойы Семейде басталып, Қазақстанның барлық өңірі мен елордада аталып өтіп, Орынборда аяқталғалы отырғанын жеткізді.

«Каталогқа енгендіктен, газетімізге енді Ресей жеріндегі, соның ішінде Орынбордағы оқырмандарымыз да жазыла алады. Соңғы жылдары ізденіс жұмыстары нәтижесінде «Ұшқын» редакциясы орналасқан тарихи ғимарат анықталды. Ресейдегі елшіміз Иманғали Нұрғалиұлының тікелей қолдауымен осы ғимаратқа болашақта ескерткіш тақта орнату жөнінде келісімге қол жеткізіп отырмыз. Мұны Орынбор қаласының әкімшілігі де қолдап отыр. Сонымен қатар арнайы делегация жіберген Батыс Қазақстан облысы басшылығына ризашылығымызды білдіреміз», деді Д.Қыдырәлі.

Жиында «Содружество народов России» автономдық коммерциялық емес ұйымының сарапшысы, Орынбор мемлекеттік университеті Оңтүстік Урал тарихы мен этнографиясы ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Константин Моргунов қазақтың басшы кадрларын даярлау мен кеңес интеллигенциясын қалыптастырудағы Орынбор рабфагінің рөліне тоқталды.

БҚО мәслихатының хатшысы Мәлік Құлшар көршілес жатқан қос өңірдің ынтымақтастығы арта беретініне сенім білдірді.

Ақындар, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтов пен Бауыржан Халиолла ел газетіне арнаған өлеңдерін оқып берді.

Отырыс соңында «Egemen Qazaqstan» мен Орынбор қазақтары қауымдастығы арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Фото: Ерлан Омаров

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қандастар, БАҚ, Ресей,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT