USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Орынборда 26 адам ішімдіктен уланып, көз жұмды

2021 жылғы 9 қазан 14:46
Бөлісіңіз:
Орынборда 26 адам ішімдіктен уланып, көз жұмды

ОРЫНБОР. ҚазАқпарат - ТАСС – РФ Орынбор облысында суррогат ішімдіктен уланып, 26 адам көз жұмды және 28 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Зардап шеккендер саны 49 адамнан 54-ке өсті. Ауыр халде ауруханаға жеткізілгендер де қайтыс болды. Жалпы, 26 адам көз жұмып, 28-і аман қалған, тағы бір бөлігі стационарда жатыр», - деді Орынбор облысы өңірлік және ақпараттық саясат министрінің орынбасары Инна Аверкова.

Контрафакт ішімдіктен улану туралы хабар 7 қазан күні түнде түскен. Тергеушілер мен полицейлер қойма мен өндірік бекетін тауып, 600 литр спирті бар сұйықтықты тәркіледі. Алты қылмыстық іс қозғалды. Алкоголь өнімдерін заңсыз өндіріп, сақтаған және сатқан алты адам ұсталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT