«Өртті сөндіру мүмкін емес». Атырауда 17 гектар аумақта қамыс өртеніп жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда канал сағасындағы қамыс өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің хабарлауынша, бүгін «Айсан» каналының сағасында шамамен 15-17 гектар аумақта құрақ жанып жатқаны анықталған. Бұл канал Каспий теңізінің жағалауында орналасқан. Өрт ошақтарын анықтау үшін департамент бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Р. Бляловтың басшылығымен сағат 12:30-да «Eurocopter» ЕС-145 әуе кемесімен аэровизуалды ұшу жүргізілген.

«Өртті сөндіру мүмкін емес. Бұл жерге өрт сөндіру техникасы мен жеке құрам кіреберіс жолдардың болмауына байланысты бара алмайды. Алайда, аталған өрт облыс орталығына қауіп төндірмейді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.



Соңғы жаңалықтар