Өрттен зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындарына резервтен қаражат бөлінеді – министр

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров өрт салдарынан зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындарына қаражат бөлу мәселесіне түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетудің түрлі бағыттары бар, оның ішінде қайырымдылық қорлары да қолдау жасайды. Сонымен қатар, зардап шеккендерге қаражат бөлуге тоқталсақ, осы мәселе бойынша тиісті шешім қабылданады. Мұнымен қоса, тиісті есептеулерден кейін, резервтен қаражат жоспарланған», - деді Ә. Қуантыров Үкімет отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккендермен кездескен еді.

Осы орайда Қостанай облысында үйі өртенген тұрғындарға жиһазы мен мүлкі өтеп берілетіні айтылды.


Соңғы жаңалықтар