+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Өрттен шыққан қою түтін алматылықтардың зәресін алды

2021 жылғы 25 шілде 15:44
Бөлісіңіз:
Өрттен шыққан қою түтін алматылықтардың зәресін алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда үш қабатты ғимараттың шатыры жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада Тұран даңғылының бойындағы ғимараттардың бірінен өрт шықты Жамбыл облысында таулы аумақтағы 650 гектар жер өртенді Таразда көпқабатты тұрғын үйдегі пәтер өртенді

Желіде өрт туралы бейнежазба тарап кетті. Куәгерлер Горный гигант аймағында көлік жуу қызметін көрсетуші ғимараттың өртеніп жатқанын хабарлады.

Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 25 шілде күні сағат 13:50-де құтқарушылардың Горный гигант, Ахмедияров көшесі, 20 мекенжайына шыққанын хабарлады.

Сағат 13:57-де келген төтенше жағдай қызметкерлері 3 қабатты ғимараттың шатыры қаулап жанғанын анықтады.

«Жақын маңдағы тұрғын үйлерге таралу қаупі туындады. Дереу өрт сөндіруі оқпандары қолданылып, автоцистерналар өрт гидранттарына орнатылды. Өрт орнында жедел штаб құрылды. Энергиямен қамтамасыз ету қызметі нысанды тоқтан сөндірді. Қысқа мерзімде өрттің таралу қаупі тоқтатылып, 25 минут ішінде өрт сөндірілді», – деп нақтылады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT