+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Өрттен 4 баланы құтқарған қарағандылық полицей медальмен марапатталды

2016 жылғы 15 желтоқсан 18:43
Бөлісіңіз:
Өрттен 4 баланы құтқарған қарағандылық полицей медальмен марапатталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Қарағанды облыстық ІІД салтанатты жиналыс өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өрттен 4 баланы құтқарған қарағандылық полицей медальмен марапатталды
«Халқымыз тәуелсіздікке қол жеткізгесін, әрбір азаматқа болашағын өздері таңдауына жол ашылды. Біздің басты күшіміз - тең құқықты, достастық пен келісім негізінде құрылған қазақстандықтардың бірлігінде», - деді Қарағанды облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Мергенбай Жаппаров өз сөзінде. Ол полицейлердің қылмыспен күрес жүргізіп, тұрғындардың заңды құқығы мен мүдделерін сақтау барысында аянбай еңбек етіп жүргенін атап өтті.

Өрттен 4 баланы құтқарған қарағандылық полицей медальмен марапатталды

Полиция бастығы құқық қорғаушыларға мемлекеттік және ведомстволық наградаларды табыстады.

ҚР Президентінің Жарлығымен Қарағанды полициясының Жаңа Майқұдық бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция майоры Дәурен Алтаевқа өрт кезінде төрт баланы құтқарғаны үшін «Ерлігі үшін» медалін табыстады.

Өрттен 4 баланы құтқарған қарағандылық полицей медальмен марапатталды

«Бұл оқиға 2016 жылдың 1 наурызында болған еді. Көрші пәтерді балалардың жылап жатқаны жайлы қоңырау келіп түскен. Айтылған мекенжайға бардым. Пәтерде өрт болып жатыр екен. Көршілер үй ішінде балалардың қалып қойғанын айтты. Ішке кіре алмадым. Көршілер суға малынған сүлгіні әкелді. Пәтерге кірсем, түтіннен ештеңе көрінбейді. Сипалап жүріп ішке ендім. Балаларды осылай таптым, - деп еске алады полицей қызметкері. - Алдымен екі бүлдіршінді сыртқа шығардым. Ауа жұтып алып, қалған екеуін сыртқа алып шығуға кірістім. Жедел-жәрдем шақырдық. Өрт сөндірушілер келгенге дейін көршілермен бірге өртті сөндірдік». Құтқарылған балалар небәрі бір мен алты жас аралығында.

Өрттен 4 баланы құтқарған қарағандылық полицей медальмен марапатталды Өрттен 4 баланы құтқарған қарағандылық полицей медальмен марапатталды

ҚР Президентінің Жарлығымен 34 қарағандылық полицей «Қазақстан Республикасының 25 жылдығы» медалімен марапатталды. 200-ге жуық маман ведомстволық наградалар мен марапаттарға, Қарағанды облысы әкімінің құрмет грамотасына ие болды. Мерекелік жиында ведомствоның баспасөз қызметі түсірген полицейлердің жұмысы туралы қысқа метражды деректі фильм көрсетілді. Бұдан басқа, полицейлердің жұмысына арналған «Сарыарқа сақшылары» журналының тұсауы кесілді. Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT