Өртке оранған порттың видеосы желіні шарлап кетті

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Барселона портында кеменің пирске соқтығуынан кран аударылып, өрт тұтанды. Оқыс оқиғаның видеолары желіні шарлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Куәгерлердің айтуынша, келеңсіз жағдай 31 қазан күні Испанияның Барселона қаласындағы портта болған.



Жергілікті БАҚ таратқан хабарларға қарағанда, Grandi Navi Veloci компаниясына тиесілі Excellent кемесі тоқтай алмай, пирске келіп соғылған. Соққының күшті болғаны соншалық жүк краны құлап, артынша өрт тұтанған.



Ондаған бригада өртті сөндіріп, адамдарды эвакуациялаған.

Абырой болғанда, оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Соңғы жаңалықтар