Өртенген ормандағы ағаштарды кесуге тыйым салынады - Мырзаxметов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатында өткен биоалуандылықты сақтау мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзаxметов алдағы уақытта орманды қасақана өртесе де, ағаш кесуге тыйым салынатынын мәлімдеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бүгінде орман саласын қолдау және сауықтыру бойынша бірқатар шешімдер қабылданды. Олардың ең бастылары - бөренелердің экспортына тыйым салынды және сексеуіл ормандарында ағаш кесудің барлық түрлеріне мораторий жарияланды. Бірақ бұл шешімдер әлі де болса жеткіліксіз екендігіне біздің көзіміз жетті. Сондықтан биыл қосымша шешімдер қабылданып отыр. Айталық, қылқан жапырақты ормандарда санитарлық мақсатта және өртеген орман ағаштарын кесуге тыйым салу мәселесі қарастырылуда. Себебі өрт орын алғаннан кейін ол жерде қалған ағаштардың бәрін өндіріске пайдалануға болады. Сондықтан өрт оқиғаларының қасақана жасалатыны да жасырын емес. Осыған байланысты өрт болған күннің өзінде ол ағаштарды санитарлық кесуге тыйым салу туралы шешімді қабылдағалы отырмыз", - деді А.Мырзаxметов.

Қоғамдық тыңдаулардан кейін ҚазАқпарат тілшісіне сұxбат берген ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев осы мәселе бойынша түсініктеме берді.

"Біріншіден, біз қарағай ормандарында санитарлық ағаш кесуді тоқтатамыз. Осы санитарлық ағаш кесудің ішінде өрттенген ормандарды тазалау деген мәселе бар. Енді, біз сол өртенген ормандарды тазалатпаймыз. Себебі әлемдік тәжәрибеге сүйенсек, желден құлаған, өрт шалған ормандарға тимейді. Табиғаттың өзі бәрін қалпына келтіреді. Ондай тәжірибе Канадада, Германияда және Еуропаның бірқатар елдерінде бар. Қазір осы мәселе бойынша құжаттар дайын. Жақын арада енгізетін боламыз", - деп атап көрсетті Е.Нысанбаев.

Фото: Сергей Дубровин 

Соңғы жаңалықтар