Өртенген көліктің жалыны көп қабатты үйді шарпыды

None
None
АСТАНА. СЕМЕЙ - Семейде көліктен шыққан өрт оған жақын маңда тұрған көп қабатты үйді шарпып үлгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өрт түс мезгілінде «Юности» көшесі бойында орын алды.

Жанып жатқан көлікті көрген куәгер өрт сөндіру қызметіне хабарласқан.

«Автомобиль ғимаратқа жақын тұрғандықтан жалын бірден көп қабатты үйге тарай бастады. Өрт бірінші қабаттағы терезе мен пәтердің залына жайылып үлгерді. «Газель» көлігі толықтай жанып кетті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті ауыздықтауға  4 техника және 20 өрт сөндіруші қатысты», - делінген ШҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар