Өртенген көлікті қызықтауға барған бірнеше адам жарылыс құрбаны болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигерияда газ тасымалдайтын көлік жарылып, салдарынан 35 адам қаза тауып, жүзден астам адам зардап шеккен. Бұл  туралы дүйсенбіде Reuters агенттігі жергілікті төтенше жағдайлар қызметінің өкіліне сілтеме жасап хабарлады.

«Біз 35 адамның қаза тапқанын және жүзден астам адамның жарақат алғанын растаймыз. Қаза тапқандардың басым бөлігі - оқиға орнына не болғанын көру үшін жүгіріп келгендер», - деді өкіл.

Рейтер ақпараты бойынша, оқиға елдің орталық бөлігіндегі Насарава штатында жанармай құю стансасына жақын маңда болған. Жарылыстың себебі әзірге белгісіз. 

Соңғы жаңалықтар