Өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылды - Павлодар

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат  - Павлодар қаласына қарасты Кенжекөл ауылының шетінде өртенген көлік ішінен ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

«2017 жылғы 6 желтоқсанда Кенжекөл ауылының шетінде өртеніп кеткен «Audi-80» маркалы автокөлігінің  салонынан жүргізушінің мәйіті табылды. Осы факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қаза тапқан адам 25 жастағы Ақсу қаласының тұрғыны болып шықты. Ол ағымдағы жылдың 4 желтоқсанынан бастап хабар-ошарсыз жоғалған ретінде іздестіруде болған», - делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар