«Орташа жылдамдық» жүйесі жол ережесін бұзғандарды қалай анықтайды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев елімізде енгізілгелі отырған «Орташа жылдамдық» жүйесінің қалай жұмыс істейтінін баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл жүйені енгізу бойынша басқа заң органдарымен келісім жүргізіліп жатыр. Егер бұл жоба енгізілетін болса, ол тек үлкен тас жолдарда қолданылады, қала ішінде қолданылмайды. «Орташа жылдамдық» жүйесі бейнекамералар арқылы көліктің А нүктесінен Б нүктесіне дейін қанша уақытта жеткенін анықтайды. Кейін автокөліктің осы аралықта қандай жылдамдықпен жүргенін автоматты түрде есептеп, орташа жылдамдығын шығарады. Егер есептеу барысында жылдамдығы жоғары болғаны анықталса, онда әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қазіргі уақытта бұл заң әлі талқылаудан өтіп жатыр. Шамамен қыркүйек айында өзгерістер енгіземіз деп ойлаймыз», - деді Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.

Бұдан бөлек брифинг барысында Жандос Мұратәлиев айыппұлды 50 пайыз жеңілдікпен төлеу құқығынан қандай санаттағы жүргізушілер айырылатынын айтты.

Қоса кетсек, бұған дейін Қазақстанда «Орташа жылдамдық» жүйесін енгізу жоспарланып отырғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар