Орташа мерзімді тарифтер бойынша қызмет көрсететін субъектілер саны 3 есеге өсті - Н. Алдабергенов

None
None
АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Өткен он айда орташа мерзімді тарифтер бойынша қызмет көрсететін субъектілер саны былтырғы жылмен салыстырғанда 3 есеге өсті.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ағымдағы жылдың он айында орташа мерзімді тарифтер бойынша қызметтер көрсететін субъектілердің саны өткен жылмен салыстырғанда 3 есе өсіп, 15 табиғи монополия субъектісін құрады. Сонымен бірге, осы жылдың соңына дейін тағы да 8 субъекті бойынша орташа мерзімді тарифтер енгізілетін болады. Осылайша, тұтынушылар үшін тарифтердің тұрақтылығы мен болжамдылығы, активтерді жаңғыртуға инвестициялар салу есебінен қызметтердің сапасын көтеру жұмыстары қамтамасыз етілетін болады», деді Нұрлан Алдабергенов.

Сонымен бірге, төраға өткен жылы қабылданған заң бойынша субъектілерде инвестициялық бағдарламалардың болуы міндеттелетінін атап өтті. Бұдан басқа, қолданыстағы заң нормасына сәйкес, Агенттік шикізат пен материалдар шығысының нормаларын бекіту қызметтерін де атқарып келеді. «Осыған орай, өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша жыл басынан бері 135 субъектідегі шикізат пен материалдар шығысының нормалары төмендетілді. Бұның арқасында тұтынушылар реттеліп көрсетілетін қызметтерге ақы төлегенде шамамен 585 млн. теңге қаражаттарын үнемдеді. Ал субъектілердің әкімшілік шығыстары 345 млн. теңгеден астам сомаға қысқартылды. Бұл қаржы ресурстары дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға және басым бағыттағы инвестициялық жобаларды қаржыландыруға жұмсалды», деді Н. Алдабергенов. 

Соңғы жаңалықтар