+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Орталықтан облыстық деңгейге 620 штаттық бірлік беріледі - заң жобасы

2013 жылғы 4 маусым 19:25
Бөлісіңіз:
Орталықтан облыстық  деңгейге 620 штаттық бірлік беріледі - заң жобасы

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенаты Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда қаралды.

Заң жобасы еліміздің мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, бөлінетін функцияларды заңнамалық бекіту, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату, жергілікті және орталық мемлекеттік органдар қызметінің қайталануын болдырмау қажеттігіне байланысты болып отыр. Бұл ретте заң жобасы бойынша орталық мемлекеттік органдар арасында - 10 функция, орталықтан облысқа - 73, облыстан ауданға - 4, ауданнан ауылға 7 функция қайта бөлінетін болады. Нәтижесінде орталықтан облыстық деңгейге өткізілетін өкілеттіктерге 620 штаттық бірлік беріледі. Бұдан бөлек, заң жобасымен аудандық (қалалық) деңгейде қосымша функциялар бекітіледі және аталған функциялар облыстық, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінде де сақталады. Барлығы аудандық деңгейге берілетін штат саны - 431 бірлік. Ал ауылдық округ әкімдеріне салалық заң актілерімен 67 қызмет жүктеледі және олардың аппараттарын нығайту мақсатында орталықтан аймақтарға 4 369 бірлік, сондай-ақ облыстық жергілікті атқарушы органдардан 500 бірлік беріледі. Заң жобасын қабылдау мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажыратуға және жергілікті атқарушы органдарға қажетті өкілеттіктер мен тиісті штаттық құрам беруге мүмкіндік береді.

Заң жобасы екінші оқылым бойынша палатаның қарауына жолданатын болды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT