Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ өкілдерімен кездесті

2019 жылғы 16 сәуір 13:23 543
Бөлісіңіз:
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ өкілдерімен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы қажеттіліктерді бағалау жөніндегі өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚР ОСК баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Сайлау-2019: Кандидаттардың телевизиялық пікірталасына 41 млн теңге жұмсалады ҚР ОСК 123 шетелдік байқаушыны аккредиттеді

Қажеттіліктерді бағалау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы, әдетте, елге сайлау алдындағы жағдайды және сайлауға дайындықты бағалау мақсатында сайлаумен байланысты іс-шараларды өткізудің орындылығы туралы ұсынымдарды әзірлеу үшін сайлау басталғанға дейін бірнеше ай бұрын жіберіледі.

Қазақстанда қажеттілікті бағалау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы 2004 жылғы 21-24 маусымда Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы қарсаңында, 2005 жылғы 13-17 қыркүйекте Президенттің кезекті сайлауы қарсаңында, 2015 жылғы 3-6 наурызда Президенттің кезектен тыс сайлауы қарсаңында болды. Бұл миссияның келуі кезектен тыс сайлауға екінші келуі болып табылады.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ өкілдерімен кездесті

Сындарлы диалог барысында ҚР ОСК мүшелері ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлау жөніндегі кеңесшілері Радивое Груичпен, Мисев Владимирмен және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының өкілі Тодорич Дмитримен бірлесіп, 2019 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге арналған мәселелерді талқылады.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ өкілдерімен кездесті

Естеріңізге сала кетсек, СІМ шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ ПА, ЕҚЫҰ ПА, ЕКПА, ТМД ПА, ҰҚШҰ ПА, ТМД ПАА, ШЫҰ, ТМЫК, ИЫҰ) байқаушыларды алдағы президенттік сайлауға шақыруларды жіберген. Орталық сайлау комиссиясы екіжақты ынтымақтастық шеңберінде 25 шет мемлекеттің сайлау органдары басшыларын шақырды.


Орталық сайлау комиссиясының төрағасы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ өкілдерімен кездесті
 
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ өкілдерімен кездесті  

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT