Орталық сайлау комиссиясының өкілеті кеңеюі мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ашық НҚА» порталында Конституциялық заңдарға өзгерістер мен түзетулер енгізуді көздейтін заңның жобасы талқыланып жатыр. Аталған құжатта Сайлау туралы заңға енгізу жоспарланған өзгерістер мен түзетулердің тізбесі берілген, деп жазады ҚазАқпарат тілшісі.

Құжаттық толық атауы – «Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір Конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы.

28 шілдеге дейін қоғам талқысында болатын құжаттың жобасына сүйенсек, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық заңының ондаған бабына 100-гу жуық өзгеріс пен түзету ұсынылған.

Соның ішінде Орталық сайлау комиссиясының өкілеті мен міндетіне қатысты бірқатар өзгертулер бар. Нақтырақ айтсақ, сайлауға бақылау жүргізетін қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу өкілеті берілмек.

«16-10) жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

16-11) жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын республикалық қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асырады;

16-12) сайлауды, референдумды әзірлеу мен өткізу кезеңінде сайлау комиссияларын ұйымдастыру мен олардың қызметі үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын және бекітеді;

16-13) аумақтық сайлау комиссияларының кандидаттарына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді», -деп жазылған ұсынылып отырған заңжобасында. Қолданыстағы Сайлау туралы заңның 12-бабында мұндай норма жоқ.


Соңғы жаңалықтар